ТІРКЕЛУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе негізгі емес қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыру туралы өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштегі мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы (форманы жүктеп алу)

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

5) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;

6) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі.

      Егер өтініш беруші өтініш берген күнге дейін 12 айдан аз жұмыс істеген болса, онда қаржылық есептілікті ұсыну, егер бар болса, соңғы есепті күндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады;

 7) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.

 8) қызмет көрсетуші банктің өтініш берушінің банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме және кредиттік бюроның кредиттік есебі;

9) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар немесе жоқтығы туралы тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

10) осы баптың 16 және 17-тармақтарына сәйкес жобаны қаржылық қолдауды растау;

11) жобаны іске асыру объектілерді (құрылыстарды, ғимараттарды) салуды талап ететін жағдайда аумақты алдын ала жобалау.