Бүгін «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағына Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Пархатович Ниязходжаев келді.

Отырыс барысында АЭА-ның қолданыстағы инфрақұрылымы және инвесторлар үшін қолданыстағы преференциялар таныстырылды.

Кездесу нәтижесінде инвестиция тарту саласында тығыз ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді, сонымен қатар мырышталған металлургия зауытын ашу аясында алдағы жоспарларымыз туралы ақпарат алмастық.