Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өз сөзінде Үкіметтің өңдеуші секторды үдемелі дамытуға баса назар аударып отырғанын атап өтті.
Пленарлық отырыстан кейін «Jibek Joly» АЭА» АҚ Басқарма төрағасы К.К.Мукамбеткалиев «Қазақстанға өндірістік қуаттардың импорты және индустриалды парктер: өнеркәсіптік кооперацияның жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, қолда бар қолдау құралдарымен бөлісті және Ресей Федерациясының арнайы экономикалық аймақтарын дамыту тәжірибесімен танысты, сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту тұрғысынан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісті.
Сондай-ақ, «Jibek Joly» АЭА мен Татарстан Республикасының Индустриалды кластері арасында бір-біріне жан-жақты қолдау көрсету ниетін белгілейтін Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қорытындылай келе, форумды ұйымдастырушыға, Индустрия және құрылыс министрлігіне және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!