«Jibek Joly» АЭА БК» АҚ басшылығы әлеуетті инвестор Chongqing Glion New Material Technology Co., Ltd компаниясымен кездесу өткізді.

Кездесуде «Jibek Joly» АЭА-ның толық әлеуеті көрсетіліп, «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында пластикалық қаптамалар шығаруды жоспарлап отырған кәсіпорынның болашақ жобасының алаңына барды. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды!