Инвестициялық жобаны салу кезінде инфрақұрылымдық қызмет көрсетуден басқа негізгі мәселелердің бірі – адам ресурстары.

Айта кетерлігі, инвесторлар жобаны Шу ауданынан өз үлестерін қосуға дайын жергілікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін үнемі көтеріп келеді.

Осы мәселені шешу үшін 2010 жылдан бері жыл сайын білікті де бәсекеге қабілетті мамандарды шығаратын Шу темір жол колледжінің басшылығымен кездесу ұйымдастырдық.

Кездесу нәтижесінде біз Арнайы экономикалық аймақтың қазіргі және әлеуетті қатысушылары арасында мамандарға деген қажеттіліктерді ескере отырып, бітірушілерді жұмысқа орналастыру перспективаларын қарастыратын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық.

АЭА басқарушы компаниясы оқу орындарын ынтымақтастыққа шақыра отырып, мамандарды жұмысқа орналастыруға, олардың біліктілігін арттыруға күш салуды көздеп отыр.