Атап айтқанда, делегация жел қондырғыларына арналған нацельдер шығаратын зауытта болды. SANY Renewable Energy Co Ltd әртүрлі қуаттағы жел турбиналарын өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл компания сонымен қатар, арнайы мақсаттағы жол техникасын, көп тонналық крандарды, бұрғылау жабдықтарын және басқа да ауыр техникаларды шығаратын әлемдегі ең ірі өндіруші ретінде танымал.